Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрбек Оралбай бокстан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Опубликовано:

Нұрбек Оралбай
Нұрбек Оралбай: kfb.kz

Бокстан Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалында тағы бір спортшымыз ұтылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

80 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Нұрбек Оралбай байрақты бәсекенің жартылай финалында Иордания өкілі Хуссейн Эйшаиш Иашайшпен жұдырықтасты.

Жекпе-жек төрешілердің шешімімен жергілікті боксшының пайдасына шешілді.

Осылайша, қазақстандық былғары қолғап шебері Азия біріншілігінің қола жүлдегері атанып отыр.

Еске сала кетсек, Бокстан XXXII Азия чемпионаты Йорданияның Амман қаласында 30 қазан мен 13 қараша аралығында өтпек.

Байрақты бәсекеде ерлер 13, ал əйелдер 12 салмақта мықтыны анықтайды.

Сары құрлық додасын Азия бокс конфедерациясы (ASBC) Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ережелерін негізге ала отырып, ұйымдастырып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1996669-nurbek-oralbai-bokstan-aziya-cempionatynyn-qola-zuldegeri-atandy/

pixel