Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан Азия чемпионатының финалына соңғы шыққан қазақстандықтың есімі белгілі болды

Опубликовано:

Боксер Айбек Оралбай
Айбек Оралбай. Фото: olympics.com

Айбек Оралбай Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

92 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Айбек Оралбай жартылай финалда Иран өкілі Туфан Шарифимен жұдырықтасты.

Жекпе-жек төрешілердің шешімімен қазақстандықтың пайдасына аяқталды.

Осылайша, Айбек Оралбай Азия біріншілігінің финалына жолдама алды.

Айта кетейік, бұған дейін Асланбек Шымбергенов, Сәкен Бибосынов, Қамшыбек Қоңқабаев, Нұрқанат Райыс, Дулат Бекбауов, Махмұд Сабырхан, Санжан Ташкенбай, Серік Теміржанов, Жайна Шекербекова, Карина Ибрагимова, Гүлсая Ержан және Алуа Балқыбекова ақтық мәреге шыққан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1996670-bokstan-aziya-cempionatynyn-finalyna-songy-syqqan-qazaqstandyqtyn-esimi-belgili-boldy/

pixel