Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азия чемпионаты: Қазақстан финалға шыққан боксшылардың саны бойынша нешінші орында

Опубликовано:

Боксшы
Видеодан кадр: Qazsport

Бокстан Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалы аяқталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қазақстанның ерлер құрамасы финалға шыққан боксшылардың саны бойынша көш бастап тұр.

Ақтық мәреде тоғыз отандық былғары қолғап шебері шаршы алаңға көтерілмек. Олар: Санжар Ташкенбай, Сәкен Бибосынов, Махмұд Сабырхан, Серік Теміржанов, Дулат Бекбауов, Асланбек Шымбергенов, Нұрқанат Райыс, Айбек Оралбай және Қамшыбек Қоңқабаев.

Екінші орынға жеті боксшысы финалға жолдама алған Өзбекстан құрамасы жайғасқан.

Үздік үштікті Иордания қорытындылап тұр. Турнирді өткізіп жатқан елдің төрт боксшысы алтын медаль үшін таласып көрмек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1996672-aziya-cempionaty-qazaqstan-finalga-syqqan-bokssylardyn-sany-boiynsa-nesinsi-orynda/

pixel