Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының БАӘ мен Өзбекстанға қарсы құрамы белгілі болды

Опубликовано:

футбол
"Астана аренадағы" Қазақстан мен Беларусь матчы. Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Қазақстан ұлттық құрамасының Өзбекстан мен Біріккен Араб Әмірліктеріне қарсы өтетін жолдастық матчқа шақырылған ойыншыларының тізімі белгілі болды. Олардың арасында Бауыржан Исламхан да бар, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның футбол федерациясына сілтеме жасап.

Оқу-жаттығу жиыны 11 қарашада Алматыда басталады. Нақты тізімге 25 ойыншы енді.

Қақпашылар: 

Игорь Шацкий ("Шахтер"), Данил Устименко ("Қайрат"), Александр Заруцкий ("Астана");

Қорғаушылар: 

Сергей Малый, Александр Марочкин, Бағдат Қайыров (барлығы – "Тобыл"), Абзал Бейсебеков, Михаил Габышев, Тимур Досмағамбетов (барлығы – "Астана"), Темірлан Ерланов, Дмитрий Шомко (екеуі де – "Ақтөбе"), Нұралы Әліп ("Зенит", Ресей), Сұлтанбек Астанов ("Қайрат").

Жартылай қорғаушылар: 

Рамазан Оразов, Максим Самородов (екеуі де – "Ақтөбе"), Асхат Тағыберген ("Тобыл"), Аслан Дарабаев, Исламбек Қуат (екеуі де – "Астана"), Бақтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Эльхан Астанов ("Ордабасы"), Бауыржан Исламхан (клубсыз);

Шабуылшылар: Абат Айымбетов ("Астана"), Абылайхан Жұмабек ("Тараз"), Айбар Жақсылықов ("Тобыл"), Артур Шушеначев ("Қайрат");

Еске сала кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы қарашада екі жолдастық матч өткізеді.

Алғашқы кездесу 16 қарашада Ташкентте, екіншісі 19 қараша күні Абу-Дабиде болады деп жоспарланып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1996673-futboldan-qazaqstan-ulttyq-quramasynyn-baa-men-ozbekstanga-qarsy-quramy-belgili-boldy/