Бокстан Азия чемпионаты: бүгін шаршы алаңға кімдер шығады

Опубликовано:

Жайна Шекербекова
Жайна Шекербекова. Фото: kfb.kz

Бүгін, 11 қарашада бокстан Азия чемпионатының әйелдер арасындағы финалдық кездесулері өтеді. Байрақты бәсекенің ақтық мәрежесінде шаршы алаңға төрт отандық боксшымыз көтеріледі, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия біріншілігінің финалдық жекпе-жектері Астана уақытымен 16.00-де басталады.

Әйелдер:

48 келі Алуа Балқыбекова — Като Хикару (Жапония),

54 келі Жайна Шекербекова — Джутамас Джитпонг (Тайланд),

57 келі Карина Ибрагимова — Ирие Сена (Жапония),

81 келі Гүлсая Ержан — Савити (Үндістан).

Айта кетейік, әлеуметтік желіде Алуа Балқыбекова кездесусіз-ақ байрақты бәсекенің жеңімпазы атанды деген ақпарат тарады. Онда отандық боксшының қарсыласының жарақат алғаны айтылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1996719-bokstan-aziya-cempionaty-bugin-sarsy-alanga-kimder-sygady/