Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресми: Алуа Балқыбекова бокстан Азия чемпионы атанды

Опубликовано:

Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының финалына шықты
Алуа Балқыбекова. Фото: kfb.kz

Қазақстанның бокс федерациясы 48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Алуа Балқыбекованың Азия чемпионы атанғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"48 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін Алуаның финалдағы қарсыласы қолын жарақаттап алғандықтан отандасымыз алтынды жекпе-жексіз иеленді. Алуа чемпиондық атағын қорғап, Азияның екі дүркін жеңімпазы атанып отыр", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Алуа Балқыбекова кездесусіз-ақ байрақты бәсекенің жеңімпазы атанды деген ақпарат тараған еді. Онда отандық боксшының қарсыласының жарақат алғаны айтылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1996803-resmi-bokstan-aziya-cempionatynda-el-qorzynyna-algasqy-altyn-medal-tusti/

pixel