Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

19 жастағы Санжар Тәшкенбай бокстан Азия чемпионы атанды

Опубликовано:

Санжар Тәшкенбай
Санжар Тәшкенбай. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бокстан Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті. 48 келі салмақта Санжар Тәшкенбай Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Санжар финалда жапониялық Аратаке Кадзумамен кездескен болатын. Жекпе-жекте қазақстандық боксшының басымдығы байқалды. Төрешілер жеңісті бірауыздан Санжай Тәшкенбайға берді.

Осылайша, Санжар Тәшкенбай ересектер арасындағы алғашқы ірі жеңісіне қол жеткізіп, Азия чемпионы атанды.

Айта кетелік, Санжай Тәшкенбай жастар арасындағы Азия және әлем чемпионы. Ол ересектер командасына енді ауысқан жас боксшы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1996876-19-zastagy-sanzar-taskenbai-bokstan-aziya-cempiony-atandy/

pixel