Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионы Сәкен Бибосынов финалда өзбек боксшысына есе жіберді

Опубликовано:

Сәкен Бибосынов
Сәкен Бибосынов. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бокстан Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Сәкен Бибосынов күміс жүлдегер атанды. Ол финалда 2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионы, өзбекстандық Хасанбай Досматовтен ұтылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

51 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Бибосынов финалда Хасанбай Досматовпен кездесіп, 1:4 есебімен ұтылды. Бұл Қазақстан қоржынындағы алғашқы күміс медаль.

Айта кетелік, 2021 жылғы әлем чемпионатында Бибосынов Досматовтан басым түскен еді. Бұл жолы Хасанбай есе қайтарып, жеңіске жетті.

Азия чемпионатындағы алғашқы алтынды 48 келі салмақтағы Санжар Тәшкенбай ұтып алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1996879-alem-cempiony-saken-bibosynov-finalda-ozbek-bokssysyna-ese-ziberdi/

pixel