Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбек боксшысына жол берген Серік Теміржанов Азияның күміс жүлдегері атанды

Опубликовано:

Серік Теміржанов
Серік Теміржанов. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бокстан Азия чемпионатында қатарынан үшінші қазақ боксшысы финалда жеңілді. Серік Теміржанов құрлық додасының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

57 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Серік Теміржанов финалда өзбек боксшысы Абдумәлік Халоковқа есе жіберді. Қорытынды есеп - 1:4.

Аммандағы Азия чемпионатының финалында осымен үшінші боксшы финалда ұтылып отыр. Бұған дейін Сәкен Бибосынов пен Сабырхан Махмұл күмісті қанағат тұтқан болатын.

Ал әзірге жалғыз алтынды ең жеңіл салмақтағы Санжар Тәшкенбай иеленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1996885-ozbeks-bokssysyna-zol-bergen-serik-temirzanov-aziyanyn-kumis-zuldegeri-atandy/

pixel