Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан Қазақстан кубогының жеңімпазы анықталды

Опубликовано:

Ордабасы
Фото: "Ордабасы" футбол клубының ресми сайты

Футболдан Қазақстан кубогының 2022 жылғы жеңімпазы анықталды. Астана қаласында өткен финалда шымкенттік "Ордабасы" оралдық "Ақжайықтан" басым түсті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Астана аренада" өткен матчтың негізгі уақыты 4:4 есебімен аяқталып, жеңімпаз клуб қосымша уақытта анықталды.

119-минутта Эльхан Астанов он бір метрлік айып добын сәтті орындап, "Ордабасыға" жеңіс сыйлады.

Осылайша, "Ақжайық" пен шымкенттік клуб арасындағы матч 5:4 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, футболдан Қазақстан кубогының 2022 жылғы жеңімпазы атанған "Ордабасы" келесі маусымда Конференция лигасында ел намысын қорғайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1996890-futboldan-qazaqstan-kubogynyn-zenimpazy-anyqtaldy/

pixel