Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов та күміс жүлдені қанағат тұтты

Опубликовано:

Дулат Бекбауов
Дулат Бекбауов шаршы алаңда. Фото: Спортты дамыту дирекциясы/Аян Төлеген

Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында тағы бір отандық боксшы финалда ұтылып, күміс жүлдені қанағат тұтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

67 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Дулат Бекбауов финалда Таиланд өкілі Бунджонг Синсиримен жұдырықтасты.

Жекпе-жек төрешілердің шешімімен таиландық былғары қорғап шеберінің пайдасына аяқталды. Есеп 3:2.

Осылайша, Дулат Бекбауов Азия чемпионатының күміс жүлдесіне ие болды.

Айта кетейік, Аммандағы Азия чемпионатының финалында осымен төртінші боксшы ұтылып отыр. Олардың қатарында Сәкен Бибосынов, Сабырхан Махмұт және Серік Теміржанов бар.

Ал әзірге жалғыз алтынды ең жеңіл салмақтағы Санжар Тәшкенбай иеленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1996891-bokstan-aziya-cempionaty-dulat-bekbauov-ta-kumis-zuldeni-qanagat-tutty/

pixel