Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азия чемпионаты: Тағы бір боксшымыз финалда өзбек боксшысынан ұтылды

Опубликовано:

Боксер Нурканат Райыс
Нурканат Райыс. Фото: afb.kz

Бокстан Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында тағы бір спортшымыз күміс медальды қанағат тұтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

75 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Нұрқанат Райыс финалда Өзбекстан өкілі Саиджамшид Жафаровпен жұдырықтасты.

Жекпе-жек төрешілердің шешімімен өзбекстандық былғары қолғап шеберінің пайдасына аяқталды. Есеп 5:0.

Осылайша, Нұрқанат Райыс Азия чемпионатының күміс жүлдесіне ие болды.

Айта кетейік, Аммандағы Азия чемпионатының финалында осымен бесінші боксшымыз ұтылып отыр. Бұған дейін Сәкен Бибосынов, Сабырхан Махмұт, Серік Теміржанов, Дулат Бекбауов күмісті қанағат тұтқан болатын.

Ал Санжар Тәшкенбай мен Асланбек Шымбергенов байрақты бәсекенің жеңімпазы атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1996895-aziya-cempionaty-tagy-bir-bokssymyz-finalda-ozbek-bokssysynan-utyldy/

pixel