Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азия чемпионаты: Айбек Оралбай алтын алып, Қамшыбек Қоңқабай күмісті місе тұтты

Опубликовано:

Айбек Оралбай
Айбек Оралбай. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Иордания астанасы Амманда бокстан Азия біріншілігі аяқталды. Қазақстан командасы құрлық додасын 3 алтын, 6 күміс және 3 қоламен тәмамдады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

92 келі салмақтағы Айбек Оралбай өзбекстандық Мадияр Сайдрахимовтан 5:0 есебімен басым түсті. Бұл Айбектің Азия чемпионатында жеңіп алған алғашқы алтын жүлдесі.

Аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев құрлық додасындағы төртінші күмісін жеңіп алды. Ол бүгін өзбекстандық Лазизбек Муллажановтан жеңілді.

Айта кетелік, Қамшыбек Қоңқабаев бұған дейінгі Азия біріншіліктерінің финалында тағы бір өзбек боксшысы Баһадүр Жалоловқа үш рет есе жіберген.

Аммандағы Азия чемпионатында Санжар Тәшкенбай (48 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі) және Айбек Оралбай (92 келі) чемпион атанды.

Күміс жүлдегерлер: Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (54 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Дулат Бекбауов (67 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі) және Қамшыбек Қоңқабаев (+92 келі).

Қола жүлдегерлер: Саматәлі Төлтаев (60 келі), Нұрбек Оралбай (82 келі), Сағындық Тоғамбай (86 келі).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1996900-aziya-cempionaty-aibek-oralbai-altyn-alyp-qamsybek-qonqabai-kumisti-mise-tutty/

pixel