Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жәнібек Әлімханұлының титулдық жекпе-жегі күтпеген нәтижемен аяқталды

Опубликовано:

Жәнібек Әлімханұлы
Жәнібек Әлімханұлы. Фото: Mikey Williams/Top Rank Inc via Getty Images

WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы қазіргі әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы британдық Дензель Бентлиге қарсы кездесуде титулын сәтті қорғады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Лас-Вегаста өткен бокс кеші он екі раундқа жоспарланып, соңына дейін жалғасты.

Нәтижесінде төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жектің жеңімпазы атанды.

Бұл - отандық былғары қолғап шеберінің кәсіпқой бокстағы он үшінші жеңісі.

Ал Дензель Бентли мансабында екінші рет жеңілістің ащы дәмін татып отыр.

Айта кетейік, кездесудің алдында спорт сарапшылары мен жанкүйерлер жекпе-жек барысында Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын нокаутқа түсіреді деп болжаған еді.

Еске сала кетейік, Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) 2022 жылы мамыр айында Дэнни Дигнуммен жекпе-жекте өзінің алғашқы WBO белбеуін жеңіп алды. Ол кезде бұл атақ "уақытша" деп саналды, бірақ Деметриус Андраде басқа дивизионға ауысқаннан кейін Әлімханұлы өз санатының толық чемпионы атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1996931-zanibek-alimxanuly-alem-cempiony-atagyn-algas-ret-qorgady/

pixel