"Қиын айқастар да керек": Чемпиондық белбеуін сәтті қорғаған Әлімханұлы жанкүйерлеріне үндеу жасады

Опубликовано:

Жәнібек Әлімханұлы
Жәнібек Әлімханұлы. Фото: Mikey Williams/Top Rank Inc via Getty Images

WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы қазіргі әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы британдық Дензель Бентлиге қарсы жекпе-жектен соң үндеу жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Чемпиондарға тура осындай он екі раундқа созылған қиын айқастар да керек. Қарсылас қатты таңқалдырды деп айта алмаймын. Оны өте құрметтеймін. Мені зерттеп, үлкен дайындықпен шыққан көрінді. 

Бүгін жиналған қауым да, жаттықтырушыларым да, өзім де әлі талай жұмыс атқару керектігін түсіндім. Тыңғылықты дайындалып, бүгінгіден де күшті болып ораламын. Теледидар алдындағы, спорт кешініндегі, жалпы мені қолдаған бүкіл қазақ еліне алғыс айтамын", - деді Жәнібек Әлімханұлы. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы мен Дензель Бентлидің Лас-Вегаста өткен айқасы он екі раундқа жоспарланып, соңына дейін жалғасқан болатын.

Нәтижесінде төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жектің жеңімпазы атанды.

Бұл - отандық былғары қолғап шеберінің кәсіпқой бокстағы он үшінші жеңісі. Ал Дензель Бентли мансабында екінші рет жеңілістің ащы дәмін татып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1996948-qiyn-aiqastar-kerek-cempiondyq-belbeuin-satti-qorgagan-alimxanuly-zankuierlerine-undeu-zasady/