Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Роналду емес: Футболдан Әлем чемпионатына қатысатын ең қарт футболшы кім

Опубликовано:

алаң
Футбол стадионы. Фото: pexels.com

Бір аптадан соң Катарда футболдан әлем чемпионаты басталады. Төрткүл дүниенің отыз екі үздік командасы сынға түсетін турнирде ең жасы үлкен футболшы кім? Бұл сауалға KAZ.NUR.KZ тілшісі жауап іздеп көрді.

1. Атиба Хатчинсон, Канада құрамасы (39 жас, 9 ай).

2. Эйдзи Кавасима, Жапония құрамасы (39 жас, 8 ай).

3. Пепе, Португалия құрамасы (39 жас, 8 ай).

4. Дани Алвес, Бразилия (39 жас, 6 ай).

5. Тиагу Силва, Бразилия құрамасы (38 жас 2 ай).

6. Криштиану Роналду, Португалия құрамасы (37 жас, 9 ай).

Айта кетейік, футболдан әлем чемпионаты 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында Катарда өтеді.

Катарда жазда аптап ыстық болатындықтан, бұл жолғы әлем біріншілігі қарашаның соңы мен желтоқсанның ортасына белгіленген. Осылайша ол мамырда, маусымда немесе шілдеде өтпейтін алғашқы турнир.

Байрақты бәсекенің финалдық кезеңіне 32 құрама қатысады.

Соңғы рет футболдан әлем чемпионаты 2018 жылы Ресейде өткен еді. Қазіргі әлем чемпионы – Франция ұлттық құрамасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1996966-ronaldu-emes-futboldan-alem-cempionatyna-qatysatyn-en-qart-futbolsylar-kim-foto/

pixel