Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біз енді бастадық": Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Жәнібек Әлімханұлы
Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жек алдында. Фото: janibek_alimkhanuly/Instagram

WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы қазіргі әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы жанкүйерлеріне алғысын білдіріп, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі боксшының instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

"Аллаға шүкір! Чемпиондық титулды сәтті қорғадық! 12 раундты да көрдік! Бұл белесті де бағындырдық. Біз енді бастадық! Жанкүйерлерге көп рақмет. Қолдауларыңыз өте керемет! Жеңісті күндерде жолығайық!

12 раундқа қош келдік! Бірінші раундта құлатқаным жанкүйерге жақсы, қарсыластың құламағаны маған жақсы. Әр раундта тәжірбие жинайсың. 12 раундтық тамаша тәжірбие болды. Келесі жекпе-жектерге бұл да керек!", - деді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы мен Дензель Бентлидің Лас-Вегаста өткен айқасы он екі раундқа жоспарланып, соңына дейін жалғасқан болатын.

Нәтижесінде төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жектің жеңімпазы атанды.

Бұл - отандық былғары қолғап шеберінің кәсіпқой бокстағы он үшінші жеңісі. Ал Дензель Бентли мансабында екінші рет жеңілістің ащы дәмін татып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1996980-biz-endi-bastadyq-zanibek-alimxanuly-malimdeme-zasady/

pixel