Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біздің боксшыларды аяқтан шалды": Бас бапкер Азия чемпионатындағы әділетсіздік жайлы ашық айтты

Опубликовано:

Сәкен Бибосынов
Сәкен Бибосынов шаршы алаңда. Фото: Спортты дамыту дирекциясы/Аян Төлеген

Бокстан Қазақстан командасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов Аммандағы Азия чемпионатын қорытындылап, төрешілер тарапынан қысым болғанын айтты. Бұл туралы Bassport.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Сайт мәліметінше, бас бапкер Қайрат Сәтжанов шәкірттері кем дегенде бес алтын алады деп болжағанын жасырған жоқ. Одан бөлек, бірнеше алтынды төрешілердің тартып алғанын да айтты.

"Сәкен Бибосынов, Сабырхан Махмұд, Серік Теміржановтар жеңілген жоқ. Қамшыбекті де ұтылды деуге аузым бармайды. Төрешілер тарапынан қателіктер кетті. Саяси жағдай солай болып тұр. Финалға дейін жақсы жеттік. Ал ақтық сында қазылар қысып жіберді. Кем дегенде 5, әрі кеткенде 8 алтын аламыз деп сенген едім. Төрешілер аяқтан шалды. Жігіттерге рахмет, алдағы жарыстарға дайындаламыз. Келесі жылы Ташкентте әлем чемпионаты өтеді. Азия ойындары ұйымдастырылады. Сол сындарға дайындықты бастаймыз", - деді Сәтжанов.

Айта кетелік, бокстан Азия чемпионатында Қазақстан ерлер командасы 3 алтын, 6 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1997141-bizdin-bokssylardy-ayaqtan-saldy-bas-bapker-aziya-cempionatyndagy-adiletsizdik-zaily-asyq-aitty/

pixel