Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық самбошылар әлем чемпионатында 10 медаль жеңіп алды

Опубликовано:

Самбо
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қырғызстан астанасы Бішкекте самбодан ересектер арасындағы Әлем чемпионаты аяқталды. Үш күнге созылған бәсекеде Қазақстан құрамасы 3 күміс, 7 қола жүлде жеңіп алып, жалпы есепте 9-сатыға тұрақтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық құраманың нәтижесін қорытындылаған бас бапкер Біржан Имаханов байрақты бәсеке туралы пікір білдірді.

"Биылғы көрсеткішті жақсы деп бағалаймыз. Шешуші сәтте кей самбошыларымызға сәттілік жетпей жатты. Биыл көптеген жарыс кейінге қалып, бізге жарыс тәжірибесі жетіспеді. Сондай-ақ көптеген жас спортшы құрамаға енді қосылды. Соған қарамастан олар жүлде алмаса да, үздік бестіктен көрініп жатыр. Мысалы, 22 жастағы Әсет Анарбаев ересектер арасында алғашқы әлем чемпионатына келді. Иә, алтын медаль бұйырмады. Былтырғы чемпионатта 2 чемпион шыққан еді. Енді кеткен кемшіліктерді сараптап, жиналыс кезінде қорытынды шығарамыз. Келесі жылы Алматы қаласы ересектер, жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатын қабылдайды. Соған тыңғылықты дайындаламыз",-деді ол.

Айта кетейік, мұнда спортшылар 21 салмақта бақ сынады.

Чемпиондар 4 мың, күміс жүлдегерлер 3 мың, қола медаль иеленгендер 2 мың АҚШ долларынан алды.

Жалпы есепте Халықаралық самбо федерациясының атынан қатысқан Ресей самбошылары 13 алтын, 2 күміс, 4 қоламен 1-орын алса, Қырғыз Республикасы 2-сатыға жайғасты (2 алтын, 1 күміс, 3 қола).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1997151-qazaqstandyq-sambosylar-alem-cempionatynda-10-medal-zenip-aldy/

pixel