Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аргентина Катарда өтетін әлем чемпионатында қандай құраммен өнер көрсетеді

Опубликовано:

Жасыл алаң
Көрнекі фото: pexels.com

Футболдан Катарда өтетін Әлем чемпионатына баратын Аргентина құрамасының толық тізімі жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Аргентина футбол қауымдастығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аргентина құрамасының бас бапкері Лионель Скалони тізімге 26 футболшыны қосқан.

Қақпашылар:

  1. Эмилиано Мартинес ("Астон Вилла"),
  2. Херонимо Рульи ("Вильярреал"),
  3. Франко Армани ("Ривер Плейт").

Қорғаушылар:

  1. Науэль Молина ("Атлетико"),
  2. Гонсало Монтьель ("Севилья"),
  3. Кристиан Ромеро ("Тоттенхэм"),
  4. Херман Песселья ("Бетис"),
  5. Николас Отаменди ("Бенфика"),
  6. Лисандро Мартинес ("Манчестер Юнайтед"),
  7. Маркос Акунья ("Севилья"),
  8. Николас Тальяфико ("Лион"),
  9. Хуан Фойт ("Вильрреал").

Жартылай қорғаушылар

  1. Родриго де Пауль ("Атлетико"),
  2. Леандро Паредес ("Ювентус"),
  3. Алексис Мак Аллистер ("Брайтон"),
  4. Гидо Родригес ("Бетис"),
  5. Папу Гомес ("Севилья"),
  6. Энцо Фернандес ("Бенфика"),
  7. Эксекиэль Паласиос ("Байер").

Шабуылшылар:

  1. Анхель Ди Мария ("Ювентус"),
  2. Лаутаро Мартинес ("Интер"),
  3. Хулиан Альварес ("Манчестер Сити"),
  4. Николас Гонсалес ("Фиорентина"),
  5. Хоакин Корреа ("Интер"),
  6. Пауло Дибала ("Рома"),
  7. Лионель Месси ("ПСЖ").

Айта кетейік, футболдан әлем чемпионаты 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында Катарда өтеді.

Катарда жазда аптап ыстық болатындықтан, бұл жолғы әлем біріншілігі қарашаның соңы мен желтоқсанның ортасына белгіленген. Осылайша ол мамырда, маусымда немесе шілдеде өтпейтін алғашқы турнир.

Байрақты бәсекенің финалдық кезеңіне 32 құрама қатысады.

Соңғы рет футболдан әлем чемпионаты 2018 жылы Ресейде өткен еді. Қазіргі әлем чемпионы – Франция ұлттық құрамасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1997153-argentina-katarda-otetin-alem-cempionatynda-qandai-qurammen-oner-korsetedi/

pixel