Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық каскадер Катарда өтетін әлем чемпионатының ресми промо-ролигіне түсті (видео)

Опубликовано:

қазақстандық каскадер
Қазақстандық каскадер. Видеодан кадр: instagram.com/nomadstunts

Қазақстандық каскадёр Жандос Айбасов әлем чемпионатының промо-ролигіне түсті. Бұл туралы халықаралық Nomad Stunts каскадерлар тобының Instagram парақшасынан белгілі болды.

Каскадер әрі актер Жандос Айбасов 20 қараша, жексенбі күні басталатын әлем чемпионатының ресми промо-ролигінің түсіріліміне қатысты.

"Халықаралық Nomad Stunts тобының каскадёры Жандос Айбасов әлем чемпионатының ресми промо-ролигіне түсті. Al-Kass Sports арнасының түсірілімі Катар астанасында өтті", - дейді Голливудтағы қазақ каскадерлерінің Nomad Stunts қауымдастығы.

Жандос Айбасов та өзінің Instagram парақшасында ыстық шөлде алғаш рет атпен шапқанын жазды.

Айта кетейік, биыл 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығынла Катарда футболдан әлем чемпионаты өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1997235-qazaqstandyq-kaskader-katarda-otetin-alem-cempionatynyn-resmi-promo-roligine-tusti-video/

pixel