Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Өзбекстанға қарсы матч алдында сұхбат берді

Опубликовано:

Асхат Тағыберген
Асхат Тағыберген баспасөз мәслихатында. Фото: Қазақстанның футбол федерациясы

Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыберген Өзбекстанмен өтетін жолдастық ойын алдында баспасөз мәслихатына қатысып, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сауалдарына жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның футбол федерациясына сілтеме жасап.

"Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары 2007 жылдан бастап бірінші рет кездесейін деп отыр. Орталық Азия дербиі деп айтып жүр. Өзбекстан құрамасы мықты қарсылас. Көптен кездеспегеннен кейін бір-біріміздің әлімізді әлі білмейіз. Ертең жасыл алаңда жақсы ойын болады деген ойдамын", - деді Асхат Тағыберген.

Ол алдағы матчта ел құрамасының ойыншылары барын салатынын жеткізді.

"Спортшы болғандықтан әр ойында жеңіске жетуге тырысамыз. "Тобылда" бірге ойнайтын клубтасым, Өзбекстан құрамасының ойыншысы Игорь Сергеевпен бәстестік. Ертең ойын көрсетеді", - деді Қазақстан құрамасының капитаны.

Асхат Тағыбергенның сөзінше, Өзбекстанға қарсы матчта Қазақстан құрамасы жаңа қырынын көрінеді.

"Командалық жағынан Қазақстан құрамасы жаңа қырынан көрсетеді деп ойлаймын. УЕФА Ұлттар лигасында жақсы ойын көрсеттік. Техника да, ойын да болуы керек. Алайда, барлығы жасыл алаңда шешіледі", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1997291-futboldan-qazaqstan-quramasynyn-kapitany-ozbekstanga-qarsy-matc-aldynda-suxbat-berdi/

pixel