Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футбол федерациясының басшысы Алматыда маңызды жиын өткізді

Опубликовано:

Барменқұлов
Баспасөз мәслихаты. Фото: ҚФФ

Еліміздің оңтүстік астанасында Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұловтың Алматы қаласы футбол федерациясының қызметкерлерімен кездесуі өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Kездесуде 2023 жылға арналған міндеттер, стратегия мен даму жоспарлары және Алматы Федерациясының өңірде бұқаралық спортты дамытудың 3 жылдық жоспарын әзірлеу шеңберінде Алматы қаласының әкімдігімен өзара жұмыстары туралы тақырыптар қозғалды.

Сондай-ақ мақсаты өңірлерде бұқаралық футболды дамыту болып табылатын "ГОЛ" бағдарламасын орындау қорытындылары талқыланды.

"Даму стратегиясында біз елімізде бұқаралық футболды дамыту жөніндегі жобаларды іске асыру жөніндегі міндеттерді айқындадық. Алдағы үш жылдағы негізгі ресурстарды біз бұқаралық және балалар-жасөспірімдер футболын дамытуға, футбол кадрларын даярлау саласында жұмыс жүргізуге, сондай-ақ бұқаралық футбол үшін футбол инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі мәселелерді шешуге бағыттауға ниеттіміз. Біз футбол мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық мәселелерін шешудегі тиімді құралдардың бірі екеніне сенімдіміз", – деп Әділет Барменқұлов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1997296-futbol-federaciyasynyn-bassysy-almatyda-manyzdy-ziyn-otkizdi/

pixel