Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстанмен өтетін матчқа қазақстандық жанкүйерлер тегін кіре алады

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: Olympic.kz

Өзбекстанмен өтетін матчқа қазақстандық жанкүйерлер тегін кіре алады. Бұл ақпаратты Қазақстанның футбол федерациясы растап отыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

16 қараша күні Ташкент қаласында Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары арасында жолдастық матч өтеді. Ойын Астана уақытымен 19:00-де басталады (жергілікті уақыт – 18:00)

Ойын "Пахтакор" стадионында өтеді (Ислам Каримов даңғылы 98А). 

Қазақстандық жанкүйерлерге тиісті құжаттарын көрсеткен жағдайда тегін билеттер беріледі.

Стадионда қазақстандық жанкүйерлерге 22 және 23 сектор белгіленген.

Сол жерде ҚФФ қызметкерлерінен билет алуға болады.

5 жасқа дейінгі балаға стадионға кіру үшін билет қажет емес.

Жанкүйерлер стадионға ойынның басталуына 2 сағат бұрын кіре алады (жергілікті уақытпен 16:00-де бастап).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1997312-ozbekstanmen-otetin-matcqa-qazaqstandyq-zankuierler-tegin-kire-alady/

pixel