Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Италиядағы сұлулық байқауында топ жарған қазақ қызы дзюдодан ел чемпионы атанды

Опубликовано:

Әйгерім Әбілқадырова
Әйгерім Әбілқадырова. Фото: instagram/ab_aigerimm

Дзюдодан Атырауда өтіп жатқан Қазақстан біріншілігінде Италияда өткен сұлулық байқауының жеңімпазы, астаналық Әйгерім Әбілқадырова жеңімпаз атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әйгерім 52 келі салмақта топ жарды. Ол финалда Ақмола облысының өкілі Толғанай Әбеуовадан басым түскен. Бұл Әйгерім Әбілқадырованың Қазақстан чемпионатында жеңіп алған 12-алтыны.

Дзюдошы қыздың сұлулық әлеміндегі жетістіктері де аз емес. Ол биыл Италияда өткен "Miss Europe Continental-2022" байқауында жеңіске жеткен болатын.

Сондай-ақ, Әйгерім Әбілқадырова грепплингтен әйелдер арасында Қазақстаннан шыққан тұңғыш әрі жалғыз әлем чемпионы саналады.

Осыдан екі жыл бұрын жарақат алып, үлкен спорттан алыстан қалған дзюдошы татамиге ірі жеңіспен оралып отыр.

Айта кетелік, 52 келі салмақ дәрежесіндегі қола медальді маңғыстаулық Гүлдана Алмұханбетова еншіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1997323-italiyadagy-sululyq-baiqauynda-top-zargan-qazaq-qyzy-dzyudodan-el-cempiony-atandy/

pixel