Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тасмағамбетов батуттағы гимнастикадан әлем чемпионатында бақ сынайды

Опубликовано:

Батуттағы гимнастикадан Қазақстан командасы
Батуттағы гимнастикадан Қазақстан командасы. Фото: Гимнастика федерациясы

Батуттағы гимнастикадан ерлер мен әйелдер арасындағы 36-әлем чемпионатын Болгария астанасы София қаласы қабылайды. Дүбірлі сынға қазақстандық гимнастар да қатысады, деп хабарлайды федерацияның ресми парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Маусымның қорытынды жарысы саналатын әлем біріншілігінде 39 мемлекеттің өкілдері бақ сынайды.

Аталған сында Қазақстан атынан бес спортшы өнер көрсетпекші. Олар - Данил Мұсабаев, Пирмаммад Әлиев, Игорь Грачев, Роман Барков пен Ерлан Тасмағамбетов,

Барков пен Тасмағамбетов жұбы жекеле және синхронды секіруден бақ сынаса, қос мини-трамп санатында Грачев ел намысын қорғайды.

Айта кетелік, бұған дейін спорттық гимнастикадан әлем чемпионаты өтіп, қазақстандық Нариман Курбанов пен Милад Карими финалда сынға түскен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1997324-tasmagambetov-batuttagy-gimnastikadan-alem-cempionatynda-baq-synaidy/

pixel