Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бельгия футболдан Әлем чемпионатында қандай құраммен өнер көрсетеді

Опубликовано:

Бельгия
Бельгияның мемлекеттік туы. Фото: pexels.com

Футболдан Катарда өтетін Әлем чемпионатына баратын Бельгия құрамасының толық тізімі жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бельгия құрамасының бас бапкері Роберто Мартинес тізімге 26 футболшыны қосқан.

Қақпашылар:

  1. Тибо Куртуа ("Реал Мадрид"),
  2. Симон Миньоле ("Брюгге"),
  3. Коэн Кастельс ("Вольфсбург").

Қорғаушылар:

  1. Артур Теате ("Ренн"),
  2. Тоби Алдервейрелд ("Антверпен"),
  3. Зено Дебаст ("Андерлехт"),
  4. Ваут Фас ("Лестер")
  5. Ян Вертонген ("Бенфика"),
  6. Тимоти Кастань ("Лестер"),
  7. Тома Мёнье ("Боруссия" Дортмунд).

Жартылай қорғаушылар

  1. Эден Азар ("Реал Мадрид"),
  2. Торган Азар ("Боруссия" Дортмунд),
  3. Кевин Де Брёйне ("Манчестер Сити")
  4. Янник Феррейра Карраско ("Атлетико"),
  5. Юри Тилеманс ("Лестер"),
  6. Ханс Ванакен ("Брюгге"),
  7. Витсель ("Боруссия" Дортмунд),
  8. Леандер Дендонкер ("Астон Вилла"),
  9. Леандро Троссард ("Брайтон"),
  10. Амаду Онана ("Эвертон").

Шабуылшылар:

  1. Ромелу Лукаку ("Интер"),
  2. Миши Батшуайи ("Фенербахче"),
  3. Дрис Мертенс ("Галатасарай"),
  4. Шарль Де Кетеларе ("Милан"),
  5. Жереми Доку ("Ренн"),
  6. Луа Опенда ("Ланс").

Айта кетейік, футболдан әлем чемпионаты 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында Катарда өтеді.

Катарда жазда аптап ыстық болатындықтан, бұл жолғы әлем біріншілігі қарашаның соңы мен желтоқсанның ортасына белгіленген. Осылайша ол мамырда, маусымда немесе шілдеде өтпейтін алғашқы турнир.

Байрақты бәсекенің финалдық кезеңіне 32 құрама қатысады.

Соңғы рет футболдан әлем чемпионаты 2018 жылы Ресейде өткен еді. Қазіргі әлем чемпионы – Франция ұлттық құрамасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1997387-belgiya-futboldan-alem-cempionatynda-qandai-qurammen-oner-korsetedi/

pixel