Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Усейнов пен Безрукова жұбы Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына медаль салды

Опубликовано:

Азия біріншілігі
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласында өтіп жатқан пневматикалық қарумен нысана көздеуден XV Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы бір жүлде түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

Винтовкамен 10 метрден нысана көздеуде Елизавета Безрукова мен Ислам Усейнов жұбы аралас сында қола медаль жеңіп алды.

Бұл Қазақстан құрамасынының еншісіндегі 5-медаль.

Осыған дейін командалар арасындағы сайыста еліміздің ерлер құрамасы күміс, әйелдер құрамасы қола жүлдегер атанған.

Ал оның алдында Константин Малиновский мен Александра Ле жекелей бағдарламада үздік үштікті түйіндеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1997393-useinov-pen-bezrukova-zuby-aziya-cempionatynda-qazaqstan-qorzynyna-medal-saldy/

pixel