"Денсаулығы жақсарып келеді": Айдос Ербосынұлы отадан кейін палатаға ауыстырылды

Опубликовано:

Айдос Ербосынұлы
Айдос Ербосынұлы. Фото: Company “Suleimen Promotions“

6 қараша күні кәсіби бокстан WBO тұжырымы бойынша екінші орта салмақта сынға түсіп, нокаутпен жеңілген Айдос Ербосынұлының жағдайы жақсарды. Бұл туралы Suleimen промоутерлік орталығы мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Жағымды жаңалық. Біздің батырымыз, екінші орта салмақтағы боксшы Айдос Ербосынұлы отадан соң қарқынды терапия бөлімінен қарапайым палатаға ауыстырылды. АҚШ-тағы компания өкілінің хабарлауынша, боксшының денсаулығы едәуір жақсарған. Отандасымыз әлі де болса дәрігерлердің бақылауында болмақ. Батырымызға қолдау білдірейік", -делінген промоутерлік орталықтың ресми Instagram парақшасында.

Айта кетелік, Айдос Ербосынұлы жекпе-жектен соң жасанды комамен жансақтау бөліміне жатқызылған болатын.

Боксшының жағдайына бүкіл әлем жанкүйерлері алаңдап, WBO арнайы мәлімдеме жасаған болатын.

Геннадий Головкин, Сауль Альварес және Жәнібек Әлімханұлы бастаған боксшылар Айдостың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1997403-densaulygy-zaqsaryp-keledi-aidos-erbosynuly-otadan-keiin-palataga-auystyryldy/