Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Биыл Қызылордада оқушылар үшін бірқатар спорт түрінен ауқымды жарыстар өткізілді

Опубликовано:

Турнир
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі

Қызылорда қаласының дене шынықтыру жән спорт бөлімі тарапынан бұқаралық спорттық іс-шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес дене шынықтыру мекемелерімен, спорт мектептері және спорт клубтарымен бірлесіп 2022 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі уақытқа дейін 127 (17 220 адам) спорттық іс-шаралар өткізілді.

Еңдігі кезекте жыл көлемінде ұйымдастырылған ауқымды және маңызды шараларға тоқталып кетсек.

Қаланың орталығы мен шет аймақтарында ұлттық спорт түрлерінен спорттық іс шаралар (асық ату, бес асық, ләнгі тебу,қол күресі, гір көтеру, арқан тарту, тоғызқұмалақтан) жүргізіліп келеді. Қазіргі уақытта ұлттық спорт түрлері қаламыздың 7 аймағы бойынша (Әл-Фараби м.а., Ақмаржан м.а., Мерей м.а, сол жағалау, Титов м.а., Сырдария м.а., Б.Шукенов саябағы) өткізіліп, аталған іс – шараға 1 100-ге жуық бала қамтылды.

Халық балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлын еске алуға арналған дәстүрлі республикалық ашық турнир өткізілді.

Ағымдағы жылдың ақпан айының 22-24 жұлдызы аралығында «Евразия» мәдени сауықтыру спорт кешенінде халық балуаны Қажымұқанды еске алуға арналған қазақ күресінен дәстүрлі республикалық ашық турнирі 10-ші мәрте өткізілді. Оныншы мәрте ұйымдастырылған боз кілем бәсекесіне еліміздің 15 өңірінен командалар қатысып, бақтарын сынады. Аталған турнир республика бойынша 2022 жылдың алғашқы және ең ауқымды жоғарғы деңгейдегі ашық турнирі болды. Турнир 3 күнге созылып, жарысқа еліміздің барлық өңірінен 500-ге жуық спортшылары қатысып, боз кілемде белдесті. Турнир қорытындысы бойынша балуандар белдесіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қызылорда қаласы әкімдігінің дипломдары мен арнайы медальдары және қаржылай сыйақыларымен марапатталды.

Турнир
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі

Сонымен қатар, Ы. Алтынсарин атындағы жүлдеге арналған эстафеталық жарыс өткізілді. Жарысқа Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін барлық мектеп командаларынан 1 300-ге жуық оқушы қатысты. Аталған жарыс 13 күнге созылып І, ІІ, ІІІ орындарды жеңіп алған командалар облыстық ойындарға қатысуға жолдама алып, қаламыздың намысын қорғап, бас жүлдені еншіледі.

ҚР «Балалар жылына» орай Қызылорда қаласының білім және дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің ұйымдастыруымен, 2021-2022 оқу жылы бойынша қыркүйек және сәуір айлары аралығында қаладағы жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында спорттың 6 спорт түрінен (үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат, баскетбол, волейбол, футбол) спартакиада ұйымдастырылып, 5200-ден астам мектеп жасындағы балалар қамтылды.

Қызылорда қаласында дене шынықтыру мен спортты дамытудың негізгі көрсеткіштері тұрақты спортпен шұғылданушылар санын ұлғайтумен бірге, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды спорттық қозғалыс арқылы белсенді өмірге қайта келтіру. Осыған орай, қаламызда орналасқан көз көру және есту қабілетінен айырылған балалар арасында шахмат, дойбы және тоғызқұмалақтан қалалық ашық біріншіліктер өткізіліп, 100-ге жуық балалар қамтылды. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне және номинация иегерлеріне ұйымдастырушы тарапынан мадақтамалар, медальдар және сыйлықтар табысталды.

Турнир
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі

Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап, қаладағы аула ойын алаңдары мен саябақтарында «Жұлдызбен жүздесу» атты спорттық шара аясында спорт саласының ардагерлері, аймақтық спортшылар және жаттықтырушылармен арнайы тақырыпта кездесулер ұйымдастыру жоспары бекітілді. Бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, спортшылармен кездесу барысында тұрғындар мен жас спортшылар қонақтарға сұрақ - жауап айдарында сұхбаттасып және спорт саласының ардагерлері, атақты спортшылар және олардың жаттықтырушылары өздерінің өмірлік ұстанымдары және тәжірибелерімен бөлісіп, кездесу соңында тұрғындар мен жас спортшыларға естелік сыйлықтар табысталды.

13-14 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар арасында ҚазССР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы В.З. Лиді еске алу, 13-14 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар арасында ҚазССР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Е.Червоненконы еске алу, 15-16 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар арасында Әлем чемпионы М. Сатыблдиевтың жүлдесі үшін, 15-16 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар арасында ҚР спорт шебері Ж.Д.Сүлейменовтың жүлдесі үшін веложарыстар өтті. Астана мен Алматы қалаларынан, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарынан 400-ден астам спортшы қатысты.

Ағымдағы жылдың тамыз айының 27-28 жұлдызы аралығында стритболдан қала әкімінің жүлдесі үшін республикалық турнирі өтті. Қызылорда төрінде екінші мәрте байрағын көтеріп, дәстүрлі сипат алған дүбірлі додаға Қазақстанның түкпір-түкпірінен және арнайы Өзбекстан мемлекетінен келген 100-ге жуық стритболшылар қатысты. Қала әкімінің жүлдесіне ұйымдастырылғандықтан қаржылай сыйақымен марапатталды.

Турнир
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі

Сонымен қатар, «Балалар жылы» аясында 25 – қазан Республика күніне орай қалаға қарасты кент және ауылдық округтердің тұрғындары арасында спартакиада өтті. Аталған спартакиада жеті спорт түрінен өтіп, (волейбол, шағын футбол, үстел теннисі, арқан тарту, шахмат, тоғыз құмалақ, дойбы) 360 жуық ауыл және қала тұрғындары қамтылды.

Мұнан бөлек, «Балалар жылы» аясында қала күні мерекесіне арналған қазақ күресінен 2009-2010 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында «Бала Барысы – 2022» қалалық ашық біріншілік өтті. Жасөспірімдер арасында ұлттық спортымызды насихаттау, балаларды салауатты өмір салтына баулу мақсатында шаhарда тұңғыш рет ұйымдастырылып, облыс аумағынан 30 жасөспірім жас балуандар қатысты. Иығына қасқыр терісін ілген жас балуандар боз кілемге спорт кешенінің ішіне, бір-біріне қарама қарсы тігілген қос киіз үйден шығып, өз қарсыластарын «соқыр» жеребе арқылы анықтады.

Қалалық ашық біріншіліктің баса назар аударатын бір ерекшелігі, балуандардың әрбір қимылы жоғары технологиялы VAR жүйесі арқылы бақыланып, ютуб арнасында тікелей эфир жүргізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1997437-biyl-qyzylordada-oqusylar-usin-birqatar-sport-turinen-auqymdy-zarystar-otkizildi/

pixel