Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Исламхан бар ма?: Қазақстанның Өзбекстанға қарсы матчқа шығатын негізгі құрамы белгілі болды (фото)

Опубликовано:

Бауыржан Исламхан
Бауыржан Исламхан жасыл алаңда. Фото: Қазақстанның футбол федерациясы/Никита Басов

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының Өзбекстанға қарсы жолдастық ойынға қатысатын негізгі құрамы белгілі болды. Бас бапкер Магомед Адиев Бауыржан Исламханды матч барысында алаңға шығаруы мүмкін, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алғашқы минуттан алаңға шығатын футболшылардың тізімі:

Шацкий, Габышев, Малый, Марочкин, Әліп, Досмағамбетов, Тағыберген, Дарабаев, Оразов, Астанов, Айымбетов.

Қосалқы құрам:

Заруцкий, Устименко, Ерланов, Исламбек Қуат, Сұлтанбек Астанов, Бауыржан Исламхан, Шушеначев, Қайыров, Шомко, Зайнутдинов, Бейсебеков, Жұмабек, Самородов, Жақсылықов.

Бас бапкер: Магомед Адиев.

Өзбекстан құрамасының бастапқы құрамы:

Юсупов, Эшмуродов, Аликулов, Ашурматов, Саитов, Сайфиев, Хамробеков, Шукуров, Тургунбоев, Эркинов, Шомуродов.

"Пахтакор" стадионында өтетін Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы жолдастық ойын 19:00-де басталмақ. 

Матчты қазақстандықтар Qazsport арнасынан тікелей эфирде көре алады.

Бүгін Өзбекстанға қарсы матчта алаңға екі жыл футболдан шеттетілген Бауыржан Исламхан шығуы мүмкін. Жартылай қорғаушының ұлттық құрамаға шақыртылғанын бұған дейін жазған болатынбыз.

Кейінірек Қазақстанның бас бапкері Магомед Адиев неліктен бұндай шешім қабылдағанын түсіндірді.

Айта кетейік, Қазақстан мен Өзбекстан ұлттық құрамалары ресми кездесулерде 5 мәрте кездескен. Бір ойында қазақстан құрамасы басым түссе, екі кездесу тең аяқталған, ал екі матч Өзбекстан құрамасының пайдасына шешілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1997474-islamxan-bar-ma-qazaqstannyn-ozbekstanga-qarsy-matcqa-sygatyn-negizgi-quramy-belgili-boldy/

pixel