Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан Катарда өтетін Әлем чемпионатындағы ең қымбат құрама белгілі болды

Опубликовано:

Жасыл алаң
Жасыл алаң. Фото: pexels.com

Футболдан Катардан өтетін Әлем чемпионатында өнер көрсететін барлық командалар құрамын жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Халықаралық спорттық зерттеулер орталығының (CIES)мәліметінше, Катарда өтетін әлем біріншілігінің ең қымбат құрамы Англияға тиесілі. Екінші орында Бразилия құрамасы, ал үздік үштікті Франция қорытындылап тұр.

Әлем чемпионатындағы ең қымбат 5 құрама:

1. Англия – 1,499 миллиард еуро;

2. Бразилия – 1,455 миллиард еуро;

3. Франция – 1,337 миллиард еуро;

4. Испания – 1, 201 миллиард еуро;

5. Португалия – 1,154 миллиард еуро.

Айта кетейік, футболдан әлем чемпионаты 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында Катарда өтеді.

Катарда жазда аптап ыстық болатындықтан, бұл жолғы әлем біріншілігі қарашаның соңы мен желтоқсанның ортасына белгіленген. Осылайша ол мамырда, маусымда немесе шілдеде өтпейтін алғашқы турнир.

Байрақты бәсекенің финалдық кезеңіне 32 құрама қатысады.

Соңғы рет футболдан әлем чемпионаты 2018 жылы Ресейде өткен еді. Қазіргі әлем чемпионы – Франция ұлттық құрамасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1997480-futboldan-katarda-otetin-alem-cempionatyndagy-en-qymbat-qurama-belgili-boldy/

pixel