Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан Қазақстан құрамасы сырт алаңда Өзбекстаннан ұтылып қалды (фото)

Опубликовано:

Астанов
Астанов жасыл алаңда. Фото: Қазақстанның футбол федерациясы/Instagram

Футболдан Қазақстан құрамасы сырт алаңда Өзбекстанмен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ташкент қаласындағы "Пахтакор" стадионында өткен Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы жолдастық ойын 2:0 есебімен аяқталды.

Гол авторлары: Эркинов 12 (1:0), Шомуродов 45 (2:0).

Енді Қазақстан ұлттық құрамасы 19 қараша күні Біріккен Араб Әмірліктерімен кездеседі.

Айта кетейік, Өзбекстанға қарсы матчтың екінші таймында алаңға екі жылдық үзілістен соң Бауыржан Исламхан шықты. Оған жартылай қорғаушы Асхат Тағыберген капитандықты тапсырды.

Еске сала кетейік, Бауыржан Исламханның ұлттық құрамаға шақыртылғанын бұған дейін жазған болатынбыз.

Кейінірек Қазақстанның бас бапкері Магомед Адиев неліктен бұндай шешім қабылдағанын түсіндірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1997497-futboldan-qazaqstan-quramasy-ozbekstannan-utyldy/

pixel