"Астана" футбол клубы басшылықта өзгерістер болғанын хабарлады

Опубликовано:

Астана футбол клубы
Фото: "Астана" футбол клубының Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасы

Қазақстандық маман Мерей Рафаетұлы Қанибетов "Астана" футбол клубының атқарушы директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі елордалық ұжымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бұған дейін Мерей Қанибетов "Ақжайық" футбол клубы және "Тайпақ" футзал клубында жұмыс істеп, "Бәйтерек" және "Нұр-Сұлтан" футзал клубтарында директор қызметін атқарған.   

Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті мен Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясында білім алған", - делінген клубтың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Арслан Беспаев "Астана" футбол клубының бас директоры қызметіне тағайындалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1997499-astana-futbol-kluby-bassylyqta-ozgerister-bolganyn-xabarlady/