Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Исламханның ойынына баға берді

Опубликовано:

Бауыржан Исламхан жасыл алаңда
Бауыржан Исламхан Өзбекстанға қарсы матчта. Фото: ҚФФ

Қазақстан ұлттық құрамасы Өзбекстанмен жолдастық ойын өткізіп, 0:2 есебімен жол берді. Аталған матчтың екінші таймында алаңға ұзақ үзілістен соң Бауыржан Исламхан шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның футбол федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев матчтан соң баспасөз мәслихатына қатысып, журналистердің сауалдарына жауап берді.

БАҚ өкілі жаттықтырушыдан Бауыржан Исламханның ойынына қандай баға беретінін сұрады.

"Исламханның шабуылдайтан әлеуеті бар. Ол әлі нағыз бабында емес. Алаңның қай аймағында ойнайтынын түсінгім келеді. Әлі де жұмыс істеу керек. Ұзақ үзіліске қарамастан допты сақтап, өтімді пастар бере алады", - деді Магомед Адиев.

Еске сала кетейік, Бауыржан Исламханның ұлттық құрамаға шақыртылғанын бұған дейін жазған болатынбыз.

Кейінірек Қазақстанның бас бапкері Магомед Адиев неліктен бұндай шешім қабылдағанын түсіндірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1997557-futboldan-qazaqstan-ulttyq-quramasynyn-bas-bapkeri-islamxannyn-oiynyna-baga-berdi/

pixel