Әлем чемпионаты: Бензема мен Мбаппе бастаған Францияның құрамында өзгеріс болды

Опубликовано:

алаң
Стадионның ішкі көрінісі. Фото: pexels.com

Футболдан Катарда өтетін Әлем чемпионатына баратын Франция құрамасының құрамында өзгеріс болды. Шабуылшы Кристофер Нкунку жаттығу кезінде жарақат алып қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

БАҚ беттерінде Нкункудың 6-8 аптаға қатардан шығып қалғанын жазылып жатыр. Сондықтан шабуылшы Катарда өтетін Әлем чемпионатына бара алмайды.

Осылайша, Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам Нкункудың орнына "Айнтрахт" сұрмергені Рандаль Коло Муаниды қосуға мәжбүр.

Франция құрамасының құрамы:

Қақпашылар:

  1. Альфонс Ареоля ("Вест Хэм"),
  2. Уго Льорис ("Тоттенхэм"),
  3. Стив Манданда ("Ренн").

Қорғаушылар:

  1. Люка Эрнандес ("Бавария"),
  2. Тео Эрнандес ("Милан"),
  3. Кимпембе ("ПСЖ"),
  4. Ибраима Конате ("Ливерпуль"),
  5. Жюль Кунде ("Браселона"),
  6. Бенжамен Павар ("Бавария"),
  7. Салиба ("Арсенал"),
  8. Дайо Упамекано ("Бавария"),
  9. Рафаэль Варан ("Манчестер Юнайтед").

Жартылай қорғаушылар

  1. Эдуардо Камавинга ("Реал Мадрид"),
  2. Юссуф Фофана ("Монако"),
  3. Маттео Гендузи ("Марсель"),
  4. Адриен Рабьо ("Ювентус"),
  5. Орельен Тчуамени ("Реал Мадрид"),
  6. Жордан Верету ("Марсель"),
  7. Кингсли Коман ("Бавария"),
  8. Усман Дембеле ("Барселона").

Шабуылшылар:

  1. Карим Бензема ("Реал Мадрид"),
  2. Оливье Жиру ("Милан"),
  3. Антуан Гризманн ("Атлетико"),
  4. Килиан Мбаппе ("ПСЖ"),
  5. Рандаль Коло Муани ("Айнтрахт").

Айта кетейік, футболдан әлем чемпионаты 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында Катарда өтеді.

Катарда жазда аптап ыстық болатындықтан, бұл жолғы әлем біріншілігі қарашаның соңы мен желтоқсанның ортасына белгіленген.

Осылайша ол мамырда, маусымда немесе шілдеде өтпейтін алғашқы турнир.

Байрақты бәсекенің финалдық кезеңіне 32 құрама қатысады.

Соңғы рет футболдан әлем чемпионаты 2018 жылы Ресейде өткен еді. Қазіргі әлем чемпионы – Франция ұлттық құрамасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1997678-alem-cempionaty-benzema-men-mbappe-bastagan-franciyanyn-quramynda-ozgeris-boldy/