Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан Катардан өтетін Әлем чемпионатының ашылу салтанатын қайдан көруге болады

Опубликовано:

Катар
Көрнекі фото: pixabay.com

Футболдан Катарда өтетін Әлем чемпионатының ашылу салтанаты 20 қараша күні Астана уақытымен 20:45-те өтеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тікелей трансляцияны Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан, сонымен қатар qazaqstan.tv және qazsporttv.kz сайты мен Qazaqstan.tv мобильді қосымшасы арқылы көруге болады.

Сонымен қатар Әлем чемпионаты матчтарының қарсаңында студиялық бағдарламалар ұсыналады.

Оларда спорт жұлдыздары, мамандар, сарапшылар, кәсіпқой спортшылар өз ойларымен бөліседі деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, футболдан әлем чемпионаты 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында Катарда өтеді.

Катарда жазда аптап ыстық болатындықтан, бұл жолғы әлем біріншілігі қарашаның соңы мен желтоқсанның ортасына белгіленген.

Осылайша ол мамырда, маусымда немесе шілдеде өтпейтін алғашқы турнир.

Байрақты бәсекенің финалдық кезеңіне 32 құрама қатысады.

Соңғы рет футболдан әлем чемпионаты 2018 жылы Ресейде өткен еді. Қазіргі әлем чемпионы – Франция ұлттық құрамасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1997696-futboldan-katardan-otetin-alem-cempionatynyn-asylu-saltanatyn-qaidan-koruge-bolady/

pixel