Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Біріккен Араб Әмірліктеріне ұшып барды

Опубликовано:

Ұлттық құраманың ойыншылары
Магомед Адиев және Қазақстанның ұлттық құрамасы жаттығуда. Фото: ҚФФ

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Даби қаласына ұшып барды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, ұлттық құрама Абу-Дабиде алғашқы жаттығуын өткізген.

Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері құрамалары арасындағы жолдастық ойын 19 қараша күні өтеді. Басталуы елорда уақытымен - 21:30.

Еске сала кетсек, бұған дейін Футболдан Қазақстан құрамасы сырт алаңда Өзбекстанмен жолдастық кездесу өткізіп, 2:0 есебімен ұтылған болатын.

Айта кетейік, Өзбекстанға қарсы матчтың екінші таймында алаңға екі жылдық үзілістен соң Бауыржан Исламхан шықты. Оған жартылай қорғаушы Асхат Тағыберген капитандықты тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1997758-futboldan-qazaqstan-ulttyq-quramasy-birikken-arab-amirlikterine-usyp-bardy/

pixel