Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан ұлттық құрамасының тағы екі футболшысы БАӘ-ге қарсы матчқа қатыспайды

Опубликовано:

жаттығу
Ұлттық құраманың футболшылары жаттығу кезінде. Фото: ҚФФ

Қазақстан ұлттық құрамасының футболшылары Абзал Бейсебеков пен Аслан Дарабаев Біріккен Араб Әмірліктеріне қарсы жолдастық кездесуге қатыспайды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл ақпаратты Қазақстанның футбол федерациясы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында растады.

"Аслан Дарабаев отбасылық жағдайына байланысты 19 қараша күні Біріккен Араб Әмірліктері құрамасымен өтетін ойынға қатыспайды. Футболшы жарының әкесі қайтыс болуына байланысты елге оралады. Асланның қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз!

Сонымен қатар алдағы ойынға арқа жарақатына байланысты Абзал Бейсебеков қатыспайтын болды. Тезірек сауығып кетуін тілейміз", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразовтың Біріккен Араб Әмірліктеріне қарсы жолдастық кездесуге қатыспайтынын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1997868-qazaqstan-ulttyq-quramasynyn-tagy-eki-futbolsysy-baa-ge-qarsy-matcqa-qatyspaidy/

pixel