Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан Әлем чемпионаты: Катардың стадиондарында сыра сатуға тыйым салынды

Опубликовано:

алкогольді сусын
Фото: pexels.com

Халықаралық футбол федерациясы Катардағы әлем чемпионаты кезінде сыра сатылуға тыйым салынатын ресми түрде хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі халықаралық ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап.

"Қабылдаушы тарап пен FIFA арасындағы келіссөздерден соң Қатардағы Әлем Чемпионаты стадиондарының аумағынан сыра сату нүктелерін алып тастап, алкогольді сусындарды жанкүйерлердің басқа демалыс орындары мен лицензияланған мекемелерде шоғырландыру туралы шешім қабылданды.

Бұл Bud Zero (алкогольсіз сусын) сатылымына ықпал етпейді, ол Қатардағы барлық стадиондарында қолжетімді болмақ", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, футболдан әлем чемпионаты 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында Катарда өтеді.

Катарда жазда аптап ыстық болатындықтан, бұл жолғы әлем біріншілігі қарашаның соңы мен желтоқсанның ортасына белгіленген. Осылайша ол мамырда, маусымда немесе шілдеде өтпейтін алғашқы турнир.

Байрақты бәсекенің финалдық кезеңіне 32 құрама қатысады.

Соңғы рет футболдан әлем чемпионаты 2018 жылы Ресейде өткен еді. Қазіргі әлем чемпионы – Франция ұлттық құрамасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1997886-futboldan-alem-cempionaty-katardyn-stadiondarynda-syra-satyluga-tyiym-salyndy/

pixel