Әлем чемпионаты: Модрич бастаған Хорватияның құрамы қандай

Опубликовано:

Хорватия
Хорватияның мемлекеттік туы. Фото: pexels.com

Футболдан Катарда өтетін Әлем чемпионатына баратын Хорватия құрамасының толық тізімі жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Хорватия құрамасының бас бапкері Златко Далич тізімге 26 футболшыны қосқан.

Қақпашылар:

  1. Доминик Ливакович ("Динамо" Загреб),
  2. Ивица Ивушич ("Осиек"),
  3. Иво Грбич ("Атлетико").

Қорғаушылар:

  1. Домагой Вида ("АЕК"),
  2. Деян Ловрен ("Зенит"),
  3. Борна Баришич ("Рейнджерс"),
  4. Йосип Юранович ("Селтик"),
  5. Йошко Гвардиол ("Лейпциг"),
  6. Борна Соса ("Штутгарт"),
  7. Йосип Станишич ("Бавария"),
  8. Мартин Эрлич ("Сассуоло"),
  9. Йосип Шутало ("Динамо").

Жартылай қорғаушылар

  1. Никола Влашич ("Торино"),
  2. Ловро Майер ("Ренн"),
  3. Кристиан Якич ("Айнтрахт"),
  4. Лука Модрич ("Реал"),
  5. Матео Ковачич ("Челси"),
  6. Марсело Брозович ("Интер"),
  7. Марио Пашалич ("Аталанта"),
  8. Лука Сучич ("Зальцбург").

Шабуылшылар:

  1. Иван Перишич ("Тоттенхэм"),
  2. Андрей Крамарич ("Хоффенхайм"),
  3. Бруно Петкович ("Динамо"),
  4. Мислав Оршич ("Динамо"),
  5. Анте Будимир ("Осасуна"),
  6. Марко Ливая ("Хайдук").

Айта кетейік, футболдан әлем чемпионаты 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында Катарда өтеді.

Катарда жазда аптап ыстық болатындықтан, бұл жолғы әлем біріншілігі қарашаның соңы мен желтоқсанның ортасына белгіленген. Осылайша ол мамырда, маусымда немесе шілдеде өтпейтін алғашқы турнир.

Байрақты бәсекенің финалдық кезеңіне 32 құрама қатысады.

Соңғы рет футболдан әлем чемпионаты 2018 жылы Ресейде өткен еді. Қазіргі әлем чемпионы – Франция ұлттық құрамасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1997903-alem-cempionaty-modric-bastagan-xorvatiyanyn-quramy-qandai/