Футболдан Қазақстан құрамасы қатарынан үшінші матчта жеңіліске ұшырады (фото, видео)
Опубликовано:

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы сырт алаңда Біріккен Араб Әмірліктерімен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Абу-Даби қаласында өткен Біріккен Араб Әмірліктері мен Қазақстан арасындағы жолдастық ойын 2:1 есебімен аяқталды.
Гол авторлары: Лима 13 (1:0), Абат Айымбетов 62 (1:1), Лима 71 (2:1).
Осылайша, Қазақстан ұлттық құрамасы соңғы үш матчта жеңіліске ұшырады.
Бұған дейін отандық футболшылар Ұлттар лигасының алтыншы турында Азербайжанға, жолдастық кездесуде Өзбекстанға есе жіберген болатын.
Айта кетейік, Біріккен Араб Әмірліктеріне қарсы ойынға Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушылары Абзал Бейсебеков, Рамазан Оразов және Абзал Дарабаев белгілі себептермен қатыспады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1997950-futboldan-qazaqstan-quramasy-qatarynan-usinsi-matcta-zeniliske-usyrady-foto-video/