Бенземаның Катарда өтетін әлем чемпионатына қатыспайтыны рас па
Опубликовано:

2022 жылғы "Алтын доптың" иегері, "Реал Мадрид" пен Франция құрамасының шабуылшысы Карим Бензема Катарда өтетін әлем чемпионатына қатыспайтын болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Бұл ақпаратты Францияның футбол федерациясы Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында растады.
"Сол жақ жамбасына зақым келген Карим Бензема әлем чемпионатына қатысудан бас тартуға мәжбүр.
Бүкіл команда Карим үшін уайымдайды және оның тезірек сауығып кетуін тілейді", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, шетелдік БАҚ беттерінде Карим Бенземаның орнына Франция құрамасына "Манчестер Юнайтедтің" шабуылысы Антони Марсьяль шақыртылады деген ақпарат тарап жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1998024-benzemanyn-katarda-otetin-alem-cempionatyna-qatyspaityny-ras-pa/