Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан Өзбекстан мен Ресей арасындағы матчта қазақстандық маман төрелік етеді

Опубликовано:

Данияр Сахи
Данияр Сахи. Фото: ҚФФ

Қызылордалық Данияр Сахи бастаған қазақстандық төрешілер тобы Өзбекстан және Ресей құрамалары арасында өтетін жолдастық ойынында төрелік етеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өзбекстан мен Ресей арасындағы жолдастық кездесу бүгін, 20 қараша күні Ташкент қаласындағы "Пахтакор" стадионында өтеді.

Бас төреші: Данияр Сахи (Қызылорда).

Бас төрешінің көмекшілері: Самат Тергеусізов (Алматы), Илашбек Орынбаев (Түркістан).

Еске сала кетейік, кеше, 19 қарашада футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы сырт алаңда Біріккен Араб Әмірліктерімен жолдастық кездесу өткізіп, 2-1 есебімен ұтылған еді.

Гол авторлары: Лима 13 (1:0), Абат Айымбетов 62 (1:1), Лима 71 (2:1). Осылайша, Қазақстан ұлттық құрамасы соңғы үш матчта жеңіліске ұшырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1998064-futboldan-ozbekstan-men-resei-arasyndagy-matcta-qazaqstandyq-maman-torelik-etedi/

pixel