Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан ұлттық құрамасының футболшылары президент сайлауында дауыс берді (фото)

Опубликовано:

сайлау
Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары президент сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Қазақстанның футбол федерациясы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Қазақстан Республикасының Бірікен Араб Әмірлігіндегі елшілігінде президенттік сайлауда дауыс берді", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, кеше, 19 қарашада Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы сырт алаңда Біріккен Араб Әмірліктерімен жолдастық кездесу өткізген еді.

Абу-Даби қаласында өткен Біріккен Араб Әмірліктері мен Қазақстан арасындағы жолдастық ойын 2:1 есебімен аяқталды.

Гол авторлары: Лима 13 (1:0), Абат Айымбетов 62 (1:1), Лима 71 (2:1).

Осылайша, Қазақстан ұлттық құрамасы соңғы үш матчта жеңіліске ұшырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1998068-qazaqstan-ulttyq-quramasynyn-futbolsylary-prezident-sailauynda-dauys-berdi-foto/

pixel