Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан әлем чемпионаты: Эквадор Катардан басым түсті

Опубликовано:

Эннер Валенсия
Эннер Валенсия. Фото: twitter/FIFAWorldCup

Футболдан Катардағы әлем чемпионаты басталды. Мундиалдың тұсаукесер матчында Катар және Эквадор құрамалары кездесті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жарыс қожайындары үшін әлемдік дода сәтсіз басталды. Катарлықтар Эквадорға 0:2 есебімен жол берді.

Матчтағы екі голды да Эннер Валенсия соққан. Ол ойынның 16-минутында 11 метрлік айыпп добын сәтті орындаса, 31-минутта команда басымдығын 2:0-ге жеткізген.

Осылайша, Эквадор үш ұпаймен А тобында көш бастады. Ертең бұл топта Сенегал және Нидерланд құрамалары кездеседі.

Әлем чемпионаты 18 желтоқсанға дейін жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1998154-futboldan-alem-cempionaty-ekvador-katardan-basym-tusti/

pixel