Криштиану Роналдудың Instagram-дағы жазылушыларының саны жарты миллиардқа жетті

Опубликовано:

Криштиану Роналду
Криштиану Роналду. Фото: instagram/cristiano

Әлемге әйгілі футболшы, Португалия және "Манчестер Юнайтед" клубының шабуылшысы, бес дүркін "Алтын доп" иегері Криштиану Роналду тағы бір рекорд орнатты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Катардағы әлем чемпионаты қарсаңында Криштианудың Instagram-дағы ресми парақшасына жазылушылар саны 500 миллионға жетті. Бұл - рекорд.

Айта кетелік, чемпионат басталардан бұрын Роналду танымал журналист Пирс Морганға сұхбат берген болатын. Аталған сұхбат жанкүйерлер мен футболшылар арасында үлкен дау туғызды.

Атап айтқанда, Криштиану қазіргі "Манчестер Юнайтед" басшылығын сынға алып, бас бапкерді өзін сыйламағаны үшін айыптаған.

Криштиану Роналду қазіргі таңда Катарда. Ол өз мансабындағы бесінші әлем чемпионатына қатысып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1998245-kristianu-ronaldudyn-instagram-dagy-zazylusylarynyn-sany-zarty-milliardqa-zetti/