Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан әлем чемпионаты: Бүгін қандай матчтар болады

Опубликовано:

Катар
Фото: Fu Tian/China News Service via Getty Images

Футболдан Катардағы әлем чемпионаты басталды. Бүгін A және B тобының матчтары өтеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

19.00-де В тобындағы Англия мен Иран арасындағы матч басталады.

22.00-де жанкүйерлер А тобындағы Сенегал мен Нидерланд кездесуіне куә болмақ.

Айта кетейік, кеше, 20 қарашада әлем біріншілігінің ашылу салтанатынан кейін Катар мен Эквадор матчы болды. Қос құрама арасындағы ойын оңтүстік америкалықтардың пайдасына аяқталды. Есеп 0:2.

Түнгі сағат 01.00-де АҚШ пен Уэльс өзара мықтыны анықтайды (В тобы).

Аталған үш кездесуді де Qazsport арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1998258-futboldan-alem-cempionaty-bugin-qandai-matctar-bolady/

pixel