Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан әлем чемпионаты: Англия Иран қақпасына алты гол соқты

Опубликовано:

Англия құрамасы жеңісті тойлауда
Англия құрамасы жеңісті тойлауда. Фото: twitter/FIFAWorldCup

Футболдан әлем чемпионатында алғашқы ірі есеп тіркелді. Англия құрамасы мен Иран арасындағы кездесуде жалпы есебі сегіз гол соғылып, комадалар алаңда екі жарым тайм ойын өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Англия мен Иран арасындағы кездесуде ағылшындар 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Ойынның 35-минутында Джуд Беллингем есеп ашса, Букайо Сако 43, 62 минуттарда көзге түсіп, дубль авторы атанды.

Сондай-ақ, Англия сапынан Рахим Стерлинг (45+1), Маркус Рашфорд (71) және Джек Грилиш (89) қарсылас қақпасын дәл көздеді.

Иран құрамасының екі голын да Мехди Тареми соқты. Екінші гол ойынның соңғы минуттарында 11 метрліктен қақпаға енді.

Бұл кездесу қосымша минуттардың көптігімен есте қалды. Иран қақпашысының жарақат алуына байланысты бірінші таймға 14 минут қосылса, төреші екінші таймға 10 минут уақыт қосты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1998325-futboldan-alem-cempionaty-angliya-iran-qaqpasyna-alty-gol-soqty/

pixel