Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барыс" хоккей клубының қатысуымен өткен матчта сенсациялық нәтиже тіркелді

Опубликовано:

Барыс
Фото: "Барыс" хоккей клубының ресми сайты

"Барыс" хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын ресейлік "Салават Юлаев" ұжымына қарсы өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Матчқа дейін спорт сарапшылары мен жанкүйерлер "Салават Юлаев" жеңіске жетеді деп болжаған еді. Алайда "Барыс" өз айдынында барын салып, үздік ойын өрнегін көрсетті.

Осылайша, Астана қаласында өткен матчта елордалық ұжым 4:1 есебімен ұтты.

Кездесудің нәтижесі:

"Барыс" (Астана, Қазақстан) - "Салават Юлаев" (Уфа, Ресей) 4:1

Голдар:

1:0 — 02:09 Савицкий.

1:1 — 46:52 Бракко.

2:1 — 48:34 Дроздов.

3:1 — 54:16 Савицкий.

4:1 — 59:43 Вей.

Еске сала кетейік, "Барыс" хоккей клубы келесі кездесуін қазандық "Ак Барс" командасына қарсы өткізеді. Матч 23 қараша күні болады деп жоспарланып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/1998334-barys-xokkei-klubynyn-qatysuymen-otken-matcta-sensaciyalyq-natize-tirkeldi/

pixel